384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы жарылысқа жауаптыларды уақытша тергеу изоляторында ұстау мерзімі ұзартылды

  • 262
  • UPD: 21:50, 31.10.2019
Арыстағы жарылысқа жауаптыларды уақытша тергеу изоляторында ұстау мерзімі ұзартылды

Арыстағы әскери қоймада болған жарылыс бойынша соталды тергеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айыпталушыларды уақытша тергеу изоляторында ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды. Бұл туралы Түркістан облыстық соты хабарлады. Еске салайық, бұған дейін әскери бөлімнің командирі мен оның орынбасары ұсталған болатын. Арыс аудандық сотының судьясы Гүлмира Мекембайдың айтуынша, күдіктілердің кінәсі дәлелденген жағдайда олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы