384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі пойыздарда өрт қауіпсіздігі тексерілді

  • 254
  • UPD: 18:07, 02.11.2019
Еліміздегі пойыздарда өрт қауіпсіздігі тексерілді

Қазіргі таңда аумақтық көлік бақылау органдары жол бойында 866 жолаушы пойызын тексерді.

Тексерілген 866 пойыздың 577-і – «Жолаушылар тасымалы» АҚ, 39-ы – «Қала маңындағы тасымал» АҚ, 11-і – «қала маңындағы жергілікті атқарушы орган», 111-і – ТМД қалыптастыру пойызы және 132-сі – «жеке тасымалдаушылар».

Тексеру нәтижелері бойынша жолаушыларды тасымалдау ережелерін 5136 рет бұзу анықталды, оның ішінде 38-і – өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу.

Тасымалдаушылардан өрт қауіпсіздігін бұзғандар:

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-27;
«Қала маңы тасымалы» АҚ-4;
«Қала маңындағы жергілікті атқарушы орган» – 1;
«Жеке тасымалдаушылар» – 6 (Марал Нур-3 ЖШС, Nomadas-3 ЖШС).

Өрт қауіпсіздігі бойынша негізгі анықталған заң бұзушылықтарға өрт сөндіргіштердің болмауы және өрт күзеті сигнализациясы жүйесінің ақаулығы жатады.

Айта кетейік, Пәкістанның солтүстік-шығысында Пенджаб провинциясында болған жолаушылар пойызының өрт салдарынан 70-тен аса адам қаза тауып, ондаған адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Осыған байланысты, сондай-ақ жолаушылар пойызында өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында ИИДМ Көлік комитеті Көліктік бақылау инспекцияларына Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің құрылымдық бөлімшелерімен және «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ-мен бірлесіп, республика аумағы бойынша жүретін барлық жолаушылар пойыздарын өрт қауіпсіздігін сақтауға қатысты тексеру жүргізу жұмыстары тапсырылды.

Хабар 24 телеарнасы