423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңаөзенде жаңа жолдар салынып жатыр

  • 487
  • UPD: 13:42, 07.11.2019
Жаңаөзенде жаңа жолдар салынып жатыр

Жаңаөзен қаласында жаңа жолдар салынып жатыр. Қала ішіне асфальт төсеу жұмыстары мұнайшылар қаласын дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған кешенді жоспарының аясында жасалуда.

Бұрын жаңбыр жауса батпаққа батып, көлік түгілі адам жүре алмайтын еді. Үкімет бекіткен бағдарлама арқасында мәселе кезең-кезеңімен шешіліп жатыр. Жыл соңына дейін 18 шақырым жол төселеді. Құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен 900 млн теңге бөлінген. Жергілікті билік жұмыстың 80 процентінің біткенін айтады. Қазір қалаға қарасты «Рахат» ауылындағы жолдарға құм төселіп жатыр. Келесі айдан бастап ауыл тұрғындары жаңа жолдың игілігін көрмек. 

Жүсіп Көккөзов, қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Қазіргі төселіп жатқан жолдың ұзындығы 3,5 шақырым шамасында. Ең соңғы қалып тұрған нысанды айдың аяғында бітіруді жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы