419,72 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Инновациялық идеялар»: озық ойлы жастар ерекше жобаларын көпшілікке ұсынды

  • 1040
  • UPD: 19:50, 07.11.2019
«Инновациялық идеялар»: озық ойлы жастар ерекше жобаларын көпшілікке ұсынды

Алматыда озық ойлы жастардың «Инновациялық идеялар» фестивалі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған ел аймақтары мен көрші Қырғызстаннан 200 білімді жас келіп қатысуда. Мұнда студенттер өздері ойлап тапқан жобаларын көпшілікке көрсетті. Олар экономика, экология, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, қоғамдық даму және білім саласын қамтыған.

Айталық, оралдық студент Ілияс Демеуов жерасты көлік тұрағының жаңа жобасын жасапты. Ал алматылық бір топ жас көп қабатты автотұрақ идеясын жүзеге асыруды көздейді. Жалпы инновациялық идеялар фестивалінде 75 ұтымды жоба қаралып, 15 аталым бойынша жеңімпаздар анықталады.   

Илияс Демеуов, инновациялық жоба авторы:

– Біз «казавтопаркинг» деген жоба ойлап шығардық. Оның ерекшелігі, жер астында орналасады. Біз жерді үнемдей аламыз. Сол экономдалған жерде әр түрлі үйлерді немесе балалар ойнайтын алаң құра аламыз.

Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты :

– Тек қана шетелден көшірмеуіміз керек. Өзіміздің жергілікті материалдарды, мәселен, жерде жатқан жапырақтың өзінен қап дайындау технологиясын жасауды көрсетіп отыр. Бұл өндіріс емес пе?! Өндірістің әліппесін осы жастар ашып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы