385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысының медицина саласына жеткілікті қаржы бөлінеді

  • 112
  • UPD: 14:09, 08.11.2019

Павлодар облысының денсаулық сақтау жүйесіне әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бойынша жеткілікті қаржы бөлінеді.

Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді. Айтуынша, облыстың медициналық ұйымдарын қаржыландыру биыл өткен жылмен салыстырғанда 13,8%-ке өскен. Еңбекақысы төмен сала қызметкерлеріне жалақысы үшін 1,5 млрд теңге қарастырылды. Ал, 1 маусымнан бастап қосымша тағы 3 млрд теңге бөлінді.

Айбатыр Жұмағұлов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы:

- Жыл басында біз ақшаны аванспен төлейміз. Биылғы жылы қаңтар және ақпан айларында бірден 20%-ін, ал наурыз айында қосымша 10%-ін бердік. Жалпы айтқанда, медициналық ұйымдар бізде уақытылы әрі толығымен қаржыландырылады.

Хабар 24 телеарнасы