384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


44 мыңнан астам кәсіпкер салықтық рақымшылыққа іліккен

  • 157
  • UPD: 22:19, 19.11.2019
44 мыңнан астам кәсіпкер салықтық рақымшылыққа іліккен

Елбасының шағын және орта бизнес өкілдеріне салықтық рақымшылық жүргізу туралы тапсырмасына сәйкес, 2018 жылдың 1 қазанына дейінгі берешегі болған 90 мыңнан астам тұлға 210 миллиард теңгеге жуық негізгі қарызын төлесе, олардың 123 млрд-қа жуық өсімпұлы кешіріледі.

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен қатар рақымшылық аясында осы кезеңде салықтық қарызы болмаған, бірақ тексеріс барысында анықталған берешектері бар шағын және орта бизнес өкілдерінің қарызы кешірілді. Комитет ақпаратына сәйкес, қазір 5 миллиард теңгеден астам берешін өтеген 1800-ге жуық шағын және орта бизнес өкілінің айыппұлдары есептен шығарылды.

Олжас Отар, ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы:

– Қазіргі уақытта 44 мыңнан астам салық төлеуші шағын және орта бизнес өкілдері 8 млрд 300 млн теңге негізгі берешегін төлеп қойды. Ол кісілердің 41 мыңға жуығының өсімпұлдары кешірімге жатты. Өсімпұлдарының сомасы 2 млрд 700 млн теңгеге жуық. Президентіміздің тапсырмасына байланысты ШОБ өкілдерін тексеруге салықтық мораторий жариялау туралы, сонымен бірге арнаулы режимде жұмыс істеп жатқан ШОБ өкілдерін үш жылға табыс салығынан босату туралы заң қазір Мәжіліс қарауында.

Хабар 24 телеарнасы