380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысындағы жолдардың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды

  • 260
  • UPD: 15:13, 01.12.2019
Ақтөбе облысындағы жолдардың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды

«1 желтоқсанда сағат 13:00-ден бастап Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, жаңбыр, көктайғақ) облыстық маңызы бар тас жолдардың кейбір бөлігі жабылды: Барлық автокөлік түрлері үшін «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль Илецк» (0-265 шақырым, Шұбарқұдық кентінен Қобда кентіне дейінгі аралық) тасжолы және «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» (17-190 шақырым, Сазды кентінен Шұбарқұдық кентіне дейінгі аралық) тас жолында қозғалыс шектелді», - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, бүгін өңірде сағат 14:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар аралас жаңбыр, көктайғақ) «Самара-Шымкент» тас жолының (710-615 шақырым аралығы, Ақтөбе қаласынан Қобда кентіне дейін) учаскесінде жүк және жолаушылар көлігіне жолға шығуға тыйым салынды.

Хабар 24 телеарнасы