418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жастарға берілетін баспана: Шымкентте 904 пәтерге 943 өтініш түсті

  • 624
  • UPD: 10:36, 04.12.2019
Жастарға берілетін баспана: Шымкентте 904 пәтерге 943 өтініш түсті

Шымкентте жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы пәтерлерге құжат қабылдау аяқталды, деп хабарлады otyrar.kz.

Естеріңізге сала кетейік, қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы құжаттарды 25-29 қараша аралығында қабылдаған болатын. Жастардың өтініші бойынша сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтерге құжаттарды қабылдау мерзімі 1 желтоқсанға созылған болатын. Айта кететін жайт, үлестіруге 904 баспана жоспарланған.

«943 құжат қабылданды. Миграция полициясы қызметі арқылы  өтініш берген азаматтардың соңғы екі жылда мекенжайы бойынша тіркелгені анықталуда. Бес күнде құжаттар өңделеді. Өтініш берген азаматтың құжаттар жиынтығы  арасында жетіспейтін  құжаттар болса, қайта  толықтырылады. Кейін әрбір өтініш берудің отбасы құрамы, еңбек өтілі, жетістіктері  ескеріліп балдар есептелінеді», - деді Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Жұлдыз Ордабекова.

Шымкенттік жастарға жалға берілетін баспанаға өтінімдер қабылданатыны туралы хабарлаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы