424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда латын әліпбиін үйрететін онлайн-бағдарлама жасалды

  • 583
  • UPD: 14:02, 05.12.2019
Таразда латын әліпбиін үйрететін онлайн-бағдарлама жасалды

Таразда латын әліпбиіне негізделген қазақ тілін үйрететін онлайн-бағдарлама жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

18 сабақтан тұратын жаңашылдықты qazalipbi.kz сайтына кіріп, қолдануға болады. Оны жасау үшін облыстық тілдерді дамыту басқармасының мамандары жарты жыл еңбектенді. Олар атқарылған жұмыстар туралы «Латын графикасы: түркілік тұтастық және жаһандық ақпараттық кеңістік» атты конференциясында баяндады. Жиын қатысушылары латын графикасына негізделген әліпбидің лингвистикалық аспектілері мен орфографиялық ережелерін талқыға салды. Отандық мамандар мен Өзбекстан және Әзербайжан ғалымдары өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар қазақ тілінің латын графикасына өтуін дер кезінде жасалған қадам санайды.

Әлима Пірниязова, Филология ғылымдарының кандидаты:

- Бізде қарақалпақ тілі 1994 жылы латын графикасына өткен еді. Бірақ біз бірден өткен уақытта асығыстықпен, латын графикасында неше әріп болса, соны алдық, 32 әріп етіп. Түркияның тәжірибесін пайдаландық, бірақ ол 2008 жылға дейін мектептерде, мұғалімдерден, халықтың қалай үйреніп жатқанын, жастардың қалай үйреніп жатқаны туралы интервью алып, баспасөз мәжілістерін өткізгенімізде оның оқушылар үшін үлкен қиыншылық болып жатқанын көріп, 2008 жылы өзгерткіздік.

Хабар 24 телеарнасы