381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕҰУ-да Әбіш Кекілбаевтің 80 жылдығына арналған конференция өтті

  • 432

«Әбіш Кекілбаев – тұтас түркі дүниесіне ортақ тұлға.

Сөз өнерінің зергері артында мол мұра қалды. Енді сол дүниені зерттеп-зерделеу бүгінгі ұрпақтың еншісіндегі іс», - дейді зиялы қауым өкілдері.

Бүгін Еуразия ұлттық университетінде Әбіш Кекілбаевтің 80 жылдығына арналған конференция өтті. Оқу ордасына қазақтың зиялы қауымы жиналды. Олардың арасында тоқсан беске келген абыз ақсақал Әбдіжәміл Нұрпейісов те бар. Атақты жазушы Әбіштің кісілік келбеті пен қаламгерлік қабілетіне тоқталып, жазушының сыншылық қырларын сөз етті.

«Еліміздің жазушы-ғалымдарының бір жерде бас қосуы сирек. Бүгін олар Әбіш үшін келіп отыр, себебі қазақ әдебиетінің тарихында мұндай тұлғалар аз», - дейді Ғарифолла Есім. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев жазушының ел еңсесін көтерудегі еңбектерін атап өтті. «Әбіш Кекілбайұлы мемлекеттік қызметте жүріп, шындық пен ақиқаттан аттап өткен жоқ. Ол мансапта жүрсе де, кісілік келбетін жоғалтпады. Жазудағы адалдық ұстанымын мемлекеттік істе де сақтады. Әрқашан ұлттың мүддесін жоғары қоятын», - дейді конференцияға жиналған сарапшы ғалымдар.

Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Әбіш аға осы ұстаным мен жазудағы адалдық кредосын мемлектетік қызметте де қатаң сақтады. Ақиқат жолын таңдаған жазушы мемлекет қызметінде отырып, абыздық саф мінезінен айныған емес. Оның «біздің ешқайсымыздың заңнан асқан қатаң не заңнан асқан кеңпейіл болуға қақымыз жоқ» деп жазғаны сондықтан еді. Шындық пен шынайылықты, адалдық пен ақиқатты тұғыр еткен турашыл тұлға әрдайым халықтың мүддесі мен мемлекеттің мүддесін биік қоятын.

Ғарифолла Есім, философия ғылымдарының докторы:

- Соншама теп-тегіс қылып, арасына қыл кірмейтіндей қылып айта беру деген сөз ол Әбішке ғана тән болатын. Мысалы, Әбіш Кекілбай секілді жазушы болам деген адамға мен айтарым: еліктеңіз, бірақ Әбіштей бола алмайсыз. Ол үшін Әбіш болып туу керек. Ол кісінің ойшылдығы көркемдік шеберлікпен бірге бірігіп кеткен. Абай сияқты ойшыл еді.

 

 

Хабар 24 телеарнасы