376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сырдариядағы су деңгейі бақылауға алынды

  • 226
  • UPD: 21:32, 05.12.2019

Қызылорда облысында Сырдария өзенінің деңгейі қауіпті белгіге жақындады. «Қазгидромет» мамандарының мәліметі бойынша Қармақшы ауданының Жосалы кентіндегі гидрологиялық бекет тұсында мұз ұстаса бастаған.

Дәл осы тұста су арнасынан асып кетуі мүмкін. Сондықтан бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгін Шардара су қоймасынан Сырдарияға түсіп жатқан су көлемі секундына 452 текше метрді құрады. Ал Қызылорда қаласының тұсындағы тоспадан секундына 455 текше метр су өтуде. Өңірдің солтүстігіндегі Қармақшы, Қазалы және Арал аудандарының аумағында өзен бетіне мұз қата бастаған. Синоптиктер таяу күндері облыс аумағында жауын-шашын болып, жел күшейеді деп болжап отыр. 

Раушан Бисетаева, инженер-гидролог:

- Яғни әр 2-4 сағат сайын бақылау жұмысы жүргізілуде. Судың деңгейі қазір Жосалы кенті бойынша 690 сантиметр көлемінде. Яғни қауіпті деңгейге жақын. Дабылды ескертулер берілді. Тиісті мекемелерге, Төтенше жағдайлар департаментіне, облыстық әкімшіліктерге таратылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы