426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана LRT» ата-аналарға хабарландыру жасады

  • 443
  • UPD: 17:59, 06.12.2019
«Астана LRT» ата-аналарға хабарландыру жасады Астана LRT

Елорданың қоғамдық көліктерінде кездесетін сәттердің бірі – жолаушылардың жол ақысын төлемеуі.

Бұл жайт балалар мен жасөспірімдерге де қатысты. Осыған орай «Астана LRT» ЖШС елордалық ата-аналарға хабарландыру жасады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Қоғамдық көлікті пайдаланатын балалар, жасөпірімдердің ата-анасына, заңды өкілдері мен оларға жауапты тұлғаларға айтарымыз, олардың көліктік картасында ақшаның бар болуын қадағалауын сұраймыз. Көлік картасындағы бірлікті тексерудің түрлі әдіс-тәсілі бар. Себебі кейде оқушылар автобусқа мініп қояды, бірақ не көлік картасында, не қолма-қол ақшасы болмайды. Барлық қоғамдық көлік түрін пайдаланарда біз ол қызметті алдын ала төлейміз, яғни пойызға, ұшаққа билетті алдын ала аламыз. Сол секілді автобусқа міне сала оның ақысын төлеуіміз қажет. Ондай жағдайда жауапкершілік кондуктордың немесе автобус жүргізушісінің мойнында. Олар ақшасыз баланы далада қалдырғысы келмейді, екінші жағынан тәртіпке сәйкес баладан көлік ақысын алуы тиіс. Содан соң қоғамда түсініспеушілік туындап, түрлі оқиғалар орын алып жатады. Сондықтан құрметті ата-аналар, балаларыңызды үйден шығарда ақшасының болуын бақылаңыздар», - деді «Астана LRT» Транспорттық бақылау департаментінің директоры Самат Шаймерденов.

 

Хабар 24 телеарнасы