378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да полицейлердің қатысуымен болатын жол апаты жиілеп кетті

  • 223
  • UPD: 20:52, 09.12.2019
БҚО-да полицейлердің қатысуымен болатын жол апаты жиілеп кетті

Батыс Қазақстан облысында тәртіп сақшыларының өздері себепші болған жол апаты жиілеп кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұдан үш апта бұрын патрульдік полиция көлігі «Медколледж» аялдамасы тұсында бағдаршамға өтіп бара жатқан 19 жастағы бойжеткенді қағып кеткен еді. Ол әлі күнге ес жия алмай жатыр. Ал 2 желтоқсан күні Тасқала ауданында жол инспекциясының аға мемлекеттік инспекторы жол бойында 56 жастағы азаматты соғып, артынша оқиға орнынан ізін суытқан. Қазір 2 бірдей қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Көлік қаққан бұл азамат та жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр. Өткен сенбі күні учаскелік инспектордың көмекшісі 29 жастағы келіншекті басып кеткен. Ашық ми жарақатын алған әйел бүгін таңертең көз жұмды.

Манарбек Нәжиев, жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары:

- Қазір Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалды. Учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Рахадиловты қамауға алу туралы таяу уақытта шешім қабылданатын болады. Күдікті мас болды ма, жоқ па тергеу құпиясына байланысты оны айта алмаймын. Бірақ сол күні түнде ол медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан.

Хабар 24 телеарнасы