376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы мамандары тапшы

  • 184
  • UPD: 08:09, 12.12.2019
Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы мамандары тапшы

Өңірге 400-ден астам бағбан мен зоотехник, механизатор мен мал дәрігері қажет, деп хабарлайды «Хабар 24»

Шаруа қожалықтары иелері жыл бойы білікті мамандарды іздеп әлек. Мәселе жақын арада шешімін таппаса, мал шаруашылығы тұралап қалуы әбден мүмкін. Себебі білікті жылқышылар мен қойшыларды табу мұң. Тұрмысын қаланың деңгейіне жеткізсе де жайлауға көшуге әзір жандардың қарасы сирек. Облыста ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын жалғыз ғана оқу орны бар. Жоғары ауыл шаруашылығы колледжін жылына 400-ге дейін түлек бітіріп шығады. Алайда мамандығы бойынша жұмысқа орналасатындар саны тек 20 процентті құрап отыр. Білім ордасы түрлі шаралар өткізгенімен, ауылға барып еңбек ететін жас мамандар қатары көп емес.

Нұрболат Құлшаров, Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылығы колледжі директорының орынбасары:

– Биыл біздер колледжімізде осы мамандықтар бойынша жәрмеңке ұйымдастырғанбыз. Диплом алар кезде барлық ауыл шаруашылығы бөлімдеріне хабар бердік. Сол кезде 20-ның үстіндегі баламен басшылардың өздері келіп, тілдесіп, кейін жұмысқа тұрып кетті.

Хабар 24 телеарнасы