381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сырдария өзенінде су деңгейі көтерілуде

  • 467
  • UPD: 16:08, 12.12.2019
Сырдария өзенінде су деңгейі көтерілуде

Сырдария өзенінің суы көтеріліп жатыр, деп хабарлады «Қазгидромет».

«Мұздық құбылыстарға байланысты Қызылорда облысындағы Қазалы қаласы маңындағы Сырдария өзенініәң су деңгейі сағат 08:00 бері +29 см көтерілді және де қауіпті белгіге жақындады», - делінген хабарламада.

Мамандардың хабарлауынша, су деңгейі одан әрі көтерілуі мүмкін.

Нақты деңгей сағат 14:00-де 612 см-ге жеткен, қауіпті деңгей – 640 см (судың өзен жайылмасына шығуы). Ал шекті деңгей – 743 см, онда елді-мекенді су басу қауіпі бар.

Хабар 24 телеарнасы