427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда 268 отбасыға пәтер кілті табысталды

  • 738
  • UPD: 07:41, 14.12.2019
Ақтауда 268 отбасыға пәтер кілті табысталды

Ақтауда Тәуелсіздік күні қарсаңында көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Серікбай Тұрымов ұлық мереке аясында үйлі болған жандарды қоныс тойымен құттықтады. Жалдамалы баспана алғандардың қатарында көп балалы отбасылар, мүгедектер мен мүгедек баланы бағып отырған ата-аналар бар. Арендалық үйдегі 268 пәтердің барлығы республикалық бюджет қаражатына сатып алынды. Ақтау – тұрғын үй құрылысы бойынша республикада көш бастап тұрған қалалар қатарында. Мәселен, 2017 жылы 380 мың шаршым метрді құрайтын, 51 көп қабатты тұрғын үй қолданысқа берілсе, 2018 жылы 661 мың шаршы метрді құрайтын, 61 көп қабатты тұрғын үй тапсырылған. Ал, биыл 8 айдың ішінде 448,4 мың шаршы метр, яғни 2849 пәтердің кілті табысталған. Сонымен қатар жеке қаражат есебінен биыл жыл соңына дейін тағы 72 мың шаршы метр баспана қолданысқа берілмек.

Шәрипа Құлжабаева, жаңа қоныс иесі:

- Біріншіден, жалғызбасты анамын. Екіншіден, мүгедек балам бар. Негізі 2 балам бар. Екінші қызым мүгедектер арбасында отырады. Үйдің кезегінде тұрғаныма 10 жыл болды. Бүгін міне, сол күннің қуанышына кенелдік. Ел ағаларымызға рахмет айтамын. Осындай қуанышты күндер, мереке көп бола берсін. Келе жатқан Тәуелсіздік күніміз құтты болсын. Бәріңізге де рахмет. Тілегім шексіз.

Гүлжазира Алдашева, қала әкімінің орынбасары:

- Бұл тұрғын үйден кейін бізде бүгінгі таңда салынып жатқан 140 пәтерлік 2 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Олар келесі жылы тапсырылады деп күтілуде. Сонымен бірге Аққу-3 шағын ауданынан 763 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Хабар 24 телеарнасы