375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте 100-ден астам жағдайы төмен отбасыға көмек көрсетілді

  • 209
  • UPD: 20:37, 15.12.2019
Шымкентте 100-ден астам жағдайы төмен отбасыға көмек көрсетілді

Шымкентке қарасты Қаратау ауданында 600-ден астам жағдайы төмен отбасы тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларға арнап мереке қарсаңында жергілікті әкімдік пен қалалық «Nur Otan» партиясы қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. 100-ден аса отбасыға жалпы сомасы 4 миллион теңгенің азық-түлігі мен тұрмысқа қажетті заттар таратылды. Тұрғындарға қол ұшын беруде әсіресе, аудан кәсіпкерлері белсенді. Кей отбасыларға әкімдік қыстық отындарын түсіріп беруді де ойластырып қойыпты. «Мұндай игілікті шара жаңа жыл мерекесі қарсаңында да жалғасын табады», - дейді ұйымдастырушылар.

Қызайым Байғазиева, қала тұрғыны:

- Мерекенің қарсаңында мәрсе-сәре болып жатқан жағдайымыз бар. Мен 5 жетім баланың қамқоршысымын. Соларды асырап, бағып отырмын. Айтар алғысым шексіз. Біздерге үнемі жәрдем беріп тұрады. Ешкімді былай-былай қылып жатқан жоқ. Қарнымыз ашса, әке-шешеміз секілді сол кісілерге барамыз. Үнемі жәрдем береді бізге.

Хабар 24 телеарнасы