429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы ең биік тұғырдан мемлекеттік ту көтерілді

  • 674
  • UPD: 22:02, 16.12.2019

Бүгін тәу етер Тәуелсіздігімізге - 28 жыл.

Мәртебесі биік мереке. 1991 жылы дәл осы күні айдай әлемге егеменді ел екеніміз мәлім болды. Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінде «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заң қабылданып, жаңа дәуірге қадам бастық. Бүгін ел өміріндегі аса қастерлі мерекеге орай елордадағы ең биік тұғырдан мемлекеттік ту көтерілді.

Мемлекеттік күзет қызметі әнұранымызды орындап, көк байрағымызды биікте желбіретті. Елдігіміздің басты нышандарының бірі «Атамекен» этно-мемориалдық кешені аумағындағы тұғырдан көтерілді. Бұл – көлемі жағынан елдегі ең үлкен ту. Ені 15, ұзындығы 30, салмағы 90 келіге жуық. Аса маңызды міндеттер жүктелетін әскери құрылым өкілдері шараға тыңғылықты дайындалған. Себебі Тәуелсіздік күнін тойлау осы алаңнан бастау алып отыр. Мәні зор мереке елдің түкпір-түкпірінде жалғасын тапты.

Хабар 24 телеарнасы