425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да жолдар жабылып, мектептерде сабақ тоқтатылды

  • 460
  • UPD: 13:14, 21.12.2019
ШҚО-да жолдар жабылып, мектептерде сабақ тоқтатылды

Шығыс Қазақстанда қолайсыз ауа райына орай барлық бағыттағы жолдар жабылды.

Қазір жылдамдығы секундына 15-16 м/с жететін қатты жел соғып тұр. Мектептерде сабақ тоқтатылды. Республикалық және облыстық бағыттағы барлық жол жабық деуге болады. Бұл туралы таңнан бері хабарламалар келуде. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға сақ болып, алыс жолға шықпауды ескертеді. «Қазгидромет» мекемесі филиалының хабарлауынша, бүгін осындай күн райына орай аймақта дауылды ескерту жарияланды. Өңірде қар жауып, боран соғып, кей өңірде жел екпіні 25 м/с жетуі ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы