421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда кішкентай Аяз аталар шеруі өтті

  • 1044
  • UPD: 23:48, 23.12.2019

Алматыда кішкентай ертегі кейіпкерлері, қаланың  орталық көшелерімен жүріп өтіп, жол бойында кездескен адамдарға  сыйлық таратты.

Олар негізінен қаладағы мектеп-интернаттар мен балалар үйінің тәрбиеленушілері. Кішкентай Аяз аталардың қоржыны түрлі тәттілер мен жемістерге толы. Балалардың бұл бастамасын аниматорлар да қолдап, қызықты флеш-моб ұйымдастырды. Өздерін «Аяз балалар» деп атаған бүлдіршіндер өз істеріне риза. Суретке түсіп, қошемет көрсеткен халық одан да көп.

Наталья Еськова, қайырымдылық қорының вице-президенті:

- Біздің мақсат балаларға әдеттегідей сыйлық алу ғана емес, олардың да өзгеге сыйлық жасап, бейтаныс адамдардың көңілін көтерудің өзі бір ғанибет екенін  түсіндіру. Бүгін біздің бүлдіршіндердің қуанғандарына қарап, ол ойымыз  жүзеге асты деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы