377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі мүгедек жандар көтерген мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды

  • 165
  • UPD: 22:43, 26.12.2019

Елімізде 690 мың мүмкіндігі шектеулі жан бар. Мемлекет оларды үнемі назарда ұстап, көңіл бөліп келеді.

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мүгедектерді әлеуметті кқолдау мәселелерін талқылаған жиында осылай деді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жарымжан жандар көтерген мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Жиынға Президенттің көмекшісі – Президент әкімшілігінің өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева қатысып, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ұсыныстарды тыңдады. Айта кетерлігі, келер жылдың шілде айынан бастап, мүгедектердің жеке көмекшілерінің қызметтері әлеуметтік қызметтер порталына ауыстырылады.  

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Жалпы статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, айына осы әлеуметтік мәселелерге байланысты қазақстандықтардан 200-ге жуық арыз-шағымдар келіп түседі. Соның үштен бірі осы мүгедек жандардан. Алматы қаласында біз үйлестіру кеңесінің отырысын өткізген болатынбыз. Онда да осы азаматтарға қазіргі таңда мемлекет тарапынан қандай көмек болып жатқанын талқылаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы