378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СКАТ әуе компаниясы Bek Air жолаушыларын тегін тасымалдайды

  • 168
  • UPD: 07:57, 28.12.2019

СКАТ әуе компаниясы қайғылы оқиғаға байланысты БЕК Эйр жолаушыларын 28-31 желтоқсан аралығында тегін тасымалдайды.

Алайда жеңілдікті пайдалану үшін қабылдау-өткізу актісі мен ұшақта бос орын болуы тиіс. Жаңажылдық мереке күндері әуе компаниясы басты бағыттар бойынша жолаушы санын 30 процентке арттырды. Толық ақпаратты Бек эйр тұтынушылары компания өкілдерінен біле алады.

Ұшақ Алматы маңындағы Қызылту ауылында апатқа ұшырады. Сағат 07:22-де «Бэк Эйр» әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктігін жоғалтып, бетонды қоршауға соғылған. Екі қабатты құрылыспен қақтығыс болған. Өрт болған жоқ. Естеріңізде болса, Алматы маңындағы Қызылту ауылында осыдан 6 жыл бұрын да жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 21 адам қаза тапқан.

ҚР ІІМ мәліметі бойынша, апат салдарынан 12 адам қаза тапқан. Толық тізіммен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Хабар 24 телеарнасы