377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жедел жәрдем қызметі мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс істейді

  • 135
Жедел жәрдем қызметі мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс істейді

Қарағанды облысында 99 бригададан тұратын 300-ден астам жедел жәрдем қызметкері шұғыл һәм сапалы көмек көрсетуге сақадай-сай.

Естеріңізге салайық, жедел жәрдем қызметі міндетті әлеуметтік медициналық қызмет тізіміне кіреді. Қарағанды облысында 2019 жылдың 1 қыркүйегінде енгізілген бұл жүйе өз тиімділігін көрсетті. Кеншілер аймағы жобаны пилоттық режимде қолға алған болатын. ​

Юрий Бокач, жедел жәрдем медициналық станциясы директорының орынбасары:

– Осыған дейін бізге соғылған қоңырауларды қалай қабылдасақ, әрі қарайда дәл солай қабылдаймыз. Барлық қоңыраулар науқастың жағдайына, яғни сақтандыру статусына, жасына, әлеуметтік жағдайына қарамастан қабылданатын болады. Шетелдік азаматтарға жедел медициналық қызмет көрсетіледі. ҚР азаматтары болып табылмайтын науқастарға да бәріне ортақ медициналық көмек көрсетілетін болады. Ол үшін біздің науқастар еш уайымдамасын. Дер кезінде келіп, толыққанды көмек көрсетуге барынша тырысамыз. Біз бұған дайынбыз. Дәрі-дәрмектер мен жанармай қорымызда жеткілікті. Көліктер дайын.

Хабар 24 телеарнасы