423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талғарда көп қабатты үйлердің тұрғындары қыстан қысылмай шығатын болды

  • 459
  • UPD: 11:57, 06.01.2020
Талғарда көп қабатты үйлердің тұрғындары қыстан қысылмай шығатын болды

Талғар қаласындағы 106 көп қабатты үйдің тұрғындары биылғы қыстан қысылмай шығатын болды.

Олардың баспанасы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылды. Бұған дейін 3319 пәтер тоқпен немесе көмірмен жылытылып келген. Отын кіргізіп, күл шығаратын отбасылардың тұрмысын жеңілдету мақсатында өткен жылы 15 жылу қазандығы салынған еді. Оның ерекшелігі жанармаймен емес, газбен жанады. Оған алдағы жылы 19 көп қабатты тұрғын үйді қосу жоспарланып отыр. Сөйтіп, шағын шаһардағы 163 үйдің барлығын да орталықтан жылыту көзделген. 

Гүлнәр Оспанова, Талғар қаласының тұрғыны:

- Электричествомен отырдық. Электричествомыз көбіне скл көтере алмағананан кейін отопление қосып алдық. Көмірмен жанатын. Көмір жақтық, жылы отырдық. Өте мынандай жылулық болмайтын. Өйткені кейбір үйлер электричествомен отырғанан кейін ол жылу бізге аз болды. Енді алғысымыз шексіз.

Жолан Омаров, Талғар ауданының әкімі: 

- Қалып отырған келесі жылға 19 үйіміз бар. Оған жобалық сметалық құжаттарын жасауға 17 млн теңге бөлінген. Қазіргі кезде жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуде.

Хабар 24 телеарнасы