380,93 420,00 6,10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еріктілер жас аналарға бүлдіршіндерді қалай тамақтандыру керектігін үйретіп жүр

  • 153
  • UPD: 09:15, 13.01.2020
Еріктілер жас аналарға бүлдіршіндерді қалай тамақтандыру керектігін үйретіп жүр

Баланың иммундық жүйесі сәби кезінен қалыптаса бастайды. Сол себепті нәрестенің буыны бекіп, есейгенше дұрыс тамақтануына жіті көңіл бөлу керек.

Осы мақсатта Алматы облысының еріктілері «Балалардың дұрыс тамақтануы» атты арнайы жобаны жүзеге асыра бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Медицина колледжінің студенттері мен мұғалімдері ауылдық ауруханаларды аралап, жас аналарға бүлдіршіндерді қалай тамақтандыру керектігін үйретіп жүр. «Өйткені жастардың көбі балаға қандай тағамды беру, бермеу керектігін біле бермейді», - дейді мамандар. Мәселен, дүниеге келген шақалақ алты айға дейін тек ана сүтімен қоректенуі тиіс. Ал, жарты жылдан кейін оған асбұршақ, жасымық, үрмебұршақ ұнтағынан жасалған ботқаны беруге болады. Екі жастан асқан соң міндетті түрде ет, балық және жеміс-жидекті көбейту керек екен.

Әсия Әлібекова, Талдықорған медицина колледжінің педиатрия пәні мұғалімі:

- Бір жасқа дейінгі балалардың тамақтануының маңызы өте жоғары. Дұрыс тамақтанбағаннан балаларда дене салмағының артық болуы, кем болуы, анемия, диатез, мешел сияқты аурулар өте жиі кездеседі. Дұрыс бермегеннен іш өту, құсу сияқты проблемалар болып қалуы мүмкін. Бүгін біздің студенттер сол аналарға тамақ беруді жасап көрсетті. Және беруге болмайтын пепси кола, кириешки деген сияқты тағамдарды, сондай-ақ емізік беруге болмайтынын түсіндіріп айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы