379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда халықтық кеңсе ашылды

  • 249
Түркістанда халықтық кеңсе ашылды

Жаңа ғимаратта қала тұрғындарына мемлекеттік қызметтің 63 түрі көрсетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ орталықта шешімін таппай, халықты толғандырып жүрген мәселелер мен жергілікті билікке қатысты арыз-шағымдар да қаралады. Жаңа кеңсе толықтай заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Электронды кезекке тұрып, ғаламтор арқылы ақпарат алуға болады. Игілікті істер тек мұнымен шектелмейді. Енді мұнда шағымданған тұрғынға жауап пошта қызметі арқылы үйіне жеткізіледі. Бұрын түркістандықтар үй салу үшін алдымен жер қатынастары бөліміне, одан кейін архитектура, соңында жарық пен көгілдір отын беретін мекемелердің табалдырығын тоздыратын. Сөйтіп жүріп, уақытын жоғалтатын. Енді олай сабылудың қажеті жоқ. Барлығын бір күнде бір жерден тындыруға болады. Қала әкімінің айтуынша, кеңсе жылына 20 мыңнан астам азаматтың өтінішін қабылдауға қауқарлы. Бұл 170 мыңдай тұрғыны бар қала үшін аз. Сондықтан биыл тағы бір кеңсені іске қосу жоспарланып отыр.

Рашид Аюпов, қала әкімі:

– Бізде тағы бір ғимаратымыз бар. Сол жерде тағы бір филиалын ашып, халыққа екінші мүмкіндік береміз. Сонда екі жерден толық қамтамасыз етуге мүмкіндік болады. Сонымен қатар бұл жердегі мақсат – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру.

Хабар 24 телеарнасы