376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да соңғы бір жарым айда 12 мың адам тұмауға шалдыққан

  • 117
  • UPD: 09:32, 16.01.2020
СҚО-да соңғы бір жарым айда 12 мың адам тұмауға шалдыққан

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы бір жарым айда -12 мыңға жуық адам жедел респираторлы вирустық инфекцияға шалдықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнымен қоса, тағы 44 азаматқа тұмау диагнозы қойылған. Сырқаттанғандардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер. Ал, мамандар қаңтар айының аяғы мен ақпанда науқастардың саны көбеюі мүмкін деген болжам жасап отыр. Өйткені аурудың жылдам таралуына ауа райының құбылмалы болуы септігін тигізеді. Жалпы айта кету қажет, өңірде эпидемиялық маусымға дейін 60 мыңнан астам адам тұмауға қарсы екпе жасатқан екен.

Меруерт Атамбаева, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы:

- 18 жағдай балалар арасында, 15 жағдай жүкті әйелдердің арасында тіркеліп отыр. Және айта кетерлік жағдай, осы барлық тіркелген 44 жағдайдың барлығы науқастар вакцинация алмағандардың қатарына жатады. Жалпы вакцинация үшін облыстық бюджеттен 52 миллионнан астам қаржы бөлінген болатын. Осы қаржыға 60 мың доза ресейлік вакцинация сатып алынған болатын.

Хабар 24 телеарнасы