447,59 487,00 5.74

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ерекше мәртебеге ие болды

  • 496
  • UPD: 14:47, 17.01.2020

Президент жарлығымен Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне ерекше мәртебе берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді еліміздегі жалғыз халықаралық оқу ордасы академиялық және басқарушылық дербестікке ие болады. Университет Ph.D. философия докторы және сала бойынша доктор дәрежесін тағайындауға, білім беру бағдарламасының мазмұнын анықтауға әрі жеке үлгідегі дипломдарды беруге мүмкіндік алады. Сонымен қатар білім беру грантының құны да артады. Яғни профессор-оқытушы құрамның жалақысы көтеріліп, материалдық-техникалық база жаңартылады. Ерекше мәртебенің арқасында университетке ғылыми және педагогикалық кадрларды тартуға жол ашылады. Бұл өз кезегінде Түркістан аймағының дамуына серпін беріп, алға қойған мақсаттарға жетуге ықпал ететін болады.

Мирас Дауленов, ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары:

– Ерекше мәртебе университетке дербес оқу бағдарламасын құруға мүмкіндік береді. Білім ордасы мемлекеттік стандарт аясында қанша оқу сағаты керек екенін өзі белгілейді. Яғни университет оқу бағдарламасын өз қалауынша өзгерте алады.

Хабар 24 телеарнасы