423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маусымдық вирустар мен коронавирустық инфекцияның симптомдары бірдей – Ж.Бекшин

  • 785
  • UPD: 13:03, 23.01.2020
Маусымдық вирустар мен коронавирустық инфекцияның симптомдары бірдей – Ж.Бекшин информ.кз

Қытайда тарап жатқан коронавирус пен маусымдық респираторлық вирустың симптомдары бірдей.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

«Қазір маусымдық респираторлық вирустық инфекциялардың көтерілу кезеңі жүріп жатыр. Оның Қытайда тарап жатқан коронавирустық инфекциямен симптомдары көп жағдайда бірдей. Ол – дене қызуының көтерілуі, жөтел, ентігу, әлсіздік», - деді Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин.

Қазақстандықтарды ауру үй жануарлары мен жабайы жануарлардан алшақ болуға және жануарлар сататын орындарға бармауға шақырды.

«ЖРВИ-мен ауыратын науқаспен байланыста болған жағдайда, сонымен бірге медициналық ұйымдарға барған кезде міндетті түрде бір реттік қолданылатын бетперде қолданып, қолды жиі жуу қажет», - деп кеңес берді Ж.Бекшин.

Автор: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы