375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚАӘ: Фоккер-100 ұшақтарының бөліктері скотчпен бекітіліп, қозғалтқышынан май аққан

  • 131
  • UPD: 19:51, 24.01.2020
ҚАӘ: Фоккер-100 ұшақтарының бөліктері скотчпен бекітіліп, қозғалтқышынан май аққан

Ұшақ бөліктері скотчпен бекітілген. Ал қозғалтқышынан май аққан.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Фоккер-100 әуе кемелеріне тексеру жүргізіп, осындай біраз былықтың бетін ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

12 адамның өмірін жалмаған әуе апатынан кейін «Бек Эйр» компаниясына тиесілі әуе кемелері жаппай тексеріле бастаған. Ұшақтардан май аққаны фюзеляждағы іздерден анық көрінеді. Бұл аздай, әйнектердің қатпарлануы мен шиналардың тозғаны белгілі болды. Сосын пилоттардың ұшу алдында әуе кемесін тексеруі түсірілген бейнежазбалар зерттелді. Мұнда да көңіл көншітпейтін жайттар көп.

Линда Орлэди, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бастығы:

– Ұшақтың алдыңғы жағы зақымданған. Ал оның артында радар бар. Әуе кемесі бортындағы радардың дұрыс жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалуы керек. Бұл өте маңызды мәселе. Бұған қоса, барлық ұшаққа металл скотч жабыстырылған. Әуе кемесінде скотч қолдануға болады, бірақ бұл арнайы скотч болуы тиіс және оны пайдалану дерегі жазбаша бекітілуі тиіс. Ол бойынша ешқандай құжат табылған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы