426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда қандала улап, көршісінің баласын өлтіріп алған келіншек сотталды

  • 487
  • UPD: 22:56, 28.01.2020
Ақтауда қандала улап, көршісінің баласын өлтіріп алған келіншек сотталды

Ақтауда қандала улаймын деп жүріп көршісінің баласын өлтіріп алған келіншек екі жылға сотталды.

Айыпталушы жазасын қауіпсіздігі барынша төмен түзеу мекемесінде өтейтін болды. Осыдан бір жыл бұрын уытты заттан уланған үш сәби облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, 6 жастағы бала жансақтау бөлімінде көз жұмған еді. Қалғанын дәрігерлер тексерген соң үйіне жіберді. Қайғылы оқиғаға төменгі қабатта тұратын көрші әйелдің өз пәтеріне жәндіктерге қарсы дәрі себуі себеп болған. Ол базардан сатып алған «Квикфос» препаратын бөлмелерге шашып, сыртқа шығып кеткен. Үйде қолдануға тыйым салынған таблеткалар туралы ешкімге ескертпеген екен. Бұл әрекеті абайсызда кісі өліміне әкеп соқтырды. Сот үкімі бүгінде заңды күшіне енді.

Аида Бұлақбаева, қалалық соттың судьясы:

- ҚР қылмыстық Кодексінің 304-бабының 2-бөлігі, яғни санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтамағандықтан абайсызда адамның өліміне апарып соқтыруы бойынша кінәлі деп танылған. Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі аппелициялық сот алқасымен Ақтау қалалық сотының үкімі өзгеріссіз қалдырылып, сотталушының өтініші қанағаттандырусыз қалдырылды.

Хабар 24 телеарнасы