427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Автомобиль жолдарын жөндеуден өткізетін мердігерлік ұйымдар анықталды

  • 705
  • UPD: 15:39, 29.01.2020
Автомобиль жолдарын жөндеуден өткізетін мердігерлік ұйымдар анықталды

«QazAvtoJol» ұлттық компаниясы Қазақстанның сегіз өңіріндегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына қатысты келісімшарттарға қол қойды.

Биыл мердігер ұйымдарды анықтау шараларын құрылыс маусымы басталғанға дейін өткізу туралы шешім қабылданған болатын.

2020 жылы орташа жөндеу жұмыстарымен жолдардың 1039 шақырымы қамтылады деп жоспарлануда. Мамандар жолдардың 553 шақырымын суық ресайклинг технологиясымен, 247 шақырымын жолдың кедірлі-бұдырлы жабындысын өңдеу, 154 шақырымын асфальт-бетон жабындысын төсеу әдісімен, 85 шақырымын микросюрфейсинг технологиясымен жөндейді.

Бүгінгі таңда еліміздің 8 өңіріндегі жолдардың 18 учаскесін жөндейтін мердігерлік ұйымдардың анықталғандығын айта кету керек. Бұған дейін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізетін ұйымды анықтауға арналған конкурс құрылыс маусымының қарсаңында өткізілген еді. Биыл мердігер ұйымдар жөндеу жұмыстарын уақытында бастау үшін жол-құрылыс материалдарын алдын ала дайындау мүмкіндігіне ие болып отыр. Автомобиль жолдарының қалған 35 учаскесін орташа жөндеуден өткізетін ұйымдар ақпан айының соңына дейін анықталмақ. 11 учаске – ауыспалы жобалар.

Еске салайық, өткен жылы жолшылар орташа жөндеуден өткізген республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы 1101 шақырымды құрады.

Ақпарат көзі: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы