379,71 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында жол апаты азаймай тұр

  • 99
  • UPD: 10:30, 30.01.2020
Ақтөбе облысында жол апаты азаймай тұр

Ақтөбе облысының аумағымен өтетін республикалық және халықаралық маңызға ие тас жолдарда көлік апаттары азаймай тұр.

Тек қаңтар айының өзінде 6 оқиға тіркелген. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе аз болғанымен салдарынан қаза тапқандардың саны көбейген. Жыл басынан бері болған көлік апаттарының салдарынан 7 адам қайтыс болып, тағы сегізі түрлі дене жарақатымен медициналық мекемелерге түсті. Қайғылы жағдаймен аяқталған оқиғалардың барлығы да «Самара-Шымкент» тас жолының Ақтөбеден Қызылорда облысына дейінгі аралығында тіркелген. Ал зардап шеккендердің арасында шетел азаматтары да бар. Осыған орай жол сақшылары қазір қауіпсіздік шараларын күшейтті.  

Айдос Құлжанов,  облыстық ПД жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы:

- Адам өлімімен болған оқиғалар түнгі мезгілде болып отыр. Осыған байланысты барлық жүргізушілерге түнгі уақытта демалуды ескертіп жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар Ақтөбе облысына кіреберісте Орынбор облысымен шекаралас жерлерде, Орскімен шекаралас жерлерде біздер шетел азаматтарына арнайы жадынамалар таратып, сондай іс-шаралар жүргізудеміз.

Хабар 24 телеарнасы