loader

«Дипломмен ауылға» жобасымен мемлекеттік қызметшілер де қамтылмақ

«Дипломмен ауылға» жобасымен мемлекеттік қызметшілер де қамтылмақ

Бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Заң жобасының негізгі мақсаты – мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру. Осыған байланысты заң жобасында тиісті ұсыныстар қарастырылған. Бұл ретте «Дипломмен ауылға» жобасымен мемлекеттік қызметшілерді де қамту ескеріліп отыр.

«Қазіргі уақытта ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарда кадрлардың жетіспеушілігі орын алуда. Түзетулер ауылдағы мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, мемлекеттік қызметке білікті кадрларды тарту мақсатында ұсынылған. Бастама Мемлекет басшысының 2017 жылғы 12 шілдедегі қарарымен мақұлданды», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешев.

Сондай-ақ...