429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирус туралы ресми ақпараттарға ғана сүйеніңіздер – ҚР ДСМ

  • 1048
  • UPD: 20:41, 04.02.2020
Коронавирус туралы ресми ақпараттарға ғана сүйеніңіздер – ҚР ДСМ

6 қаңтардан кейін Қытайдан елге оралған 94 адам оқшауланған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір тұмау белгілері байқалған 33 адам ем алуды жалғастырып жатыр, қалғаны ауруханадан шыққан. Ал, Ухань қаласынан эвакуацияланған 83 адам 16 ақпанға дейін карантинде болмақ. Бір айта кетерлігі, қазір осы коронавирусқа қатысты әлеуміттік желіде қауесет желдей есіп тұр. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп бұл орайда жалған ақпараттарға иланбауға шақырады.

Диас Ахметшәріп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

- Адамдарды шатастыру жақсылыққа апармайды. Сондықтан ресми ақпараттарға ғана сүйеніңіздер. Халықаралық ұйымдар короновирусқа қатысты 200-ге жуық жалған актілерді тіркеді. Біз қауесеттер мен жалған ақпараттарды талдай отырып, олардың шындыққа жанаспайтынын дәлелелдеген журналистер мен блогерлерге алғысымызды білдіреміз.

Хабар 24 телеарнасы