427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ коронавирустен қорғану ұсыныстарын әзірлеп жатыр

  • 868
  • UPD: 12:59, 05.02.2020

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайға ұшатын рейстерін қайта іске қосуды жоспарлап отырған әуе компанияларына коронавирустан қорғану ұсыныстарын әзірлеп жатыр. Осыған байланысты аталған ұйым қазір туроператорлармен кеңес өткізіп жатыр.

Ал әзірге ұйым өкілдері дерттен қорғанудың қарапайым жолдары ретінде бірнеше кеңесті ұстануға шақырды. Яғни қолды сабынмен жуып, түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз-мұрынды қолмен немесе орамалмен жабу керек. Бұған қоса мамандар суық тиген, ыстығы бар және жөтеліп жүрген адаммен байланыста болмауды айтты. Сондай-ақ олар жануарларды ұстамау керектігін ескертті. 

Сильви Бриан, ДДСҰ департамент директоры:

- Әуе компаниялары ауруды жұқтырудан қауіптеніп отыр. Өйткені ұшу кезінде олар жолаушылармен бетпе-бет кездеседі. Сондықтан әуе компаниялары өздерін қауіпсіз сезінулері үшін біз осы компанияларға нақты ұсыныстар дайындамуыз керек.

Хабар 24 телеарнасы