425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әл-Фарабидің өз еңбектерінің саны мыңға жуықтайды

  • 1305
  • UPD: 08:16, 07.02.2020
Әл-Фарабидің өз еңбектерінің саны мыңға жуықтайды

Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Әл-Фараби ғылыми орталығы» ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шара ұлы ойшыл, ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы аясында жүзеге асып отыр. Ғылыми орталықтың ашылу салтанатына қатысқан белгілі ғалымдар мен жазушылар ұлы ойшылдың дүние жүзі ғылымына қосқан үлесін атап өтті. Ұлттық кітапхана қорында адамзаттың екінші ұстазы атанған әл-Фарабидің еңбектері мен өмірі, шығармашылығы туралы 4000-нан астам зерттеулер мен шығармалар сақтаулы екен. Ал әл-Фарабидің өз еңбектерінің саны мыңға жуықтайды дейді кітапхана ұжымы. Бірақ олардың барлығы – аударма. Сондай-ақ бүгінгі ашылу салтанатында әл-Фараби еңбектерінің сандық нұсқасы көрсетілді. Бұл орталықтың мақсаты – энциклопедист-ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің рухани және ғылыми мұрасын дәріптеу. Сондай-ақ ғалымдарға оны терең зерттеуге мүмкіндік жасау.

Бақытжамал Оспанова, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры:

– Ұлттық кітапхананың қорында әл-Фараби еңбектерінің түпнұсқалары жоқ. Бірақ біз үлкен жұмыс жүргіземіз, экспедиция ұйымдастырамыз, зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып жатырмыз. Қай елдерде бар, сол жұмыстарды жүргізіп, өзімізге сандық түрге көшіреміз. Біздің қорымызда да олар болады деп сенеміз.

Әбсаттар Дербісәлі, Р.Б.Сүлейменов атындағы шығыстану институтының директоры:

– Ол 1150 жыл бұрын Отырарда ол кезде университеттер жоқ, медреселер жоқ, ислам жаңадан ғана келді. Соған қарамастан, Месопатамияға, Бағдатқа, Шам еліне ғылым іздеп барды. Тек араб тілін ғана емес, грек тілін үйреніп ғажап шығармалар қалдырды.

Хабар 24 телеарнасы