376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

  • 132
Қарағанды облысында қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Қарағанды облысының бірнеше елді мекенінде төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған күрделі метеорологиялық жағдай түрткі болды. Жалпы өткен тәулікте ел аумағында жолда қалған 35 адам құтқарылды. Оның біреуі – бала. Төтеншеліктердің хабарлауынша, соңғы 19 күнде Қазақстан аумағында 3 жарым мың адам құтқарушылардың арқасында қар құрсауынан аман шыққан. Араларында 400-ге тарта кәмелетке толмаған жолаушы бар. Ал боран салдарынан жабылған республикалық және жергілікті маңыздағы жолдарды ашуға 3 жарым мың техника жұмылдырылды.

Любовь Абланова, ҚР ІІМ ТЖК дағдарыс жағдайларында басқару орталығының өкілі:

– Қар құрсауында қалған адамдарды құтқару және эвакуациялау бойынша уақытылы шешімді жедел қабылдау нәтижесінде үсік шалғандарға және адамдардың қаза болуына жол берілген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы