430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қордайда соққыға жығылған ақсақалға операция жасалды

  • 755
  • UPD: 21:33, 10.02.2020
Қордайда соққыға жығылған ақсақалға операция жасалды

Қордай ауданында екі баласымен бірге соққыға жығылған ақсақалға бүгін операция жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұл туралы қарияның туысқандары хабарлады. Операция сәтті өткен. Дегенмен 79 жастағы Төлеген Құдашбаев әлі жансақтау бөлімшесінде жатыр. Жасы келіп қалған және демікпесі болғандықтан дәрігерлер тағы бір күн бақылауда ұстауды ұйғарған. Барлығы жақсы болса ертең жалпы бөлімге ауыстырылады. 5 ақпан күні соққыға жығылып жамбасы сынған ақсақал Қордайдағы ауруханадан кеше Алматыға ауыстырылған болатын.

Зура Құдашбаева, Төлеген Құдашбаевтың жары:

– Атаңның жағдайы қазір орташа. Кислородпен жатыр, реанимацияда. Жамбасына шеге қағып, операция жасап шықты. Доғдырларға мыңда бір рақмет. Екі баламның біреуінің миы шайқалған. Бүгін үйге апарып жанымыздағы доғдырлардан ине салдырамыз деді.

 

Хабар 24 телеарнасы