443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі жиһаз жасаушылардың алдында бірқатар кедергі тұр

  • 224
  • UPD: 21:50, 15.02.2020

Біріншіден, индустриялдық сертификатты ала алмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісінше мемлекеттік сатып алуларға қатысуға мүмкіндік жоқ. Оның үстіне ішкі нарықты импорттық бұйымдар басып кеткен. Шамамен 90 проценті шет мемлекеттен келеді. Ал өзіміздің елде мың шақты жиһаз жасаушы бар. Бұл нарықтағы қаржы айналымы 700 миллиард теңгені құрайды. Бірақ, қанша жерден көп болса да, шеберлер құрастырған жиһаздарын өткізе алмай дал.

Азаматхан Әміртай, «Байтақ болашақ» экологиялық альянсы ҚБ төрағасы:

– Қытайдан, Ресейден, Еуропадан келетін жиһаздарды өзімізде жасауға болады. Не үшін біз өзіміздің кәсіпкерлерге шектеу жасаймыз. Мемлекет көп жиһазды сатып алады ғой. Мектептерде, ғимараттарға. Соған жиһаздарды сата алмай отыр.  Бүгін Ұлттық экономика министрлігі көңіл бөліп отыр.

Жасұлан Мәдиев, ҚР ұлттық экономика вице-министрі:

– Сертификат бойынша біз бүгін жиһаз жасаушылардың проблемасын тыңдадық. Шикізат пен тиісті мамандар тапшы. Жасалған бұйымдарды шетелге өткізу қиын. Көтерілген мәселелермен айналысу үшін енді жұмыс тобын құрамыз.

Хабар 24 телеарнасы