437,98 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдан Алматыға жеткізілген 171 адам үйлеріне жіберіледі

  • 214
  • UPD: 22:09, 15.02.2020

Он үшінші ақпан күні арнайы бортпен Қытайдан әкелінген Қазақстанның 171 азаматы ертеңнен бастап үйлеріне қайтарылады. Бұл туралы Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова мәлімдеді. Маманның айтуынша, ол адамдардан коронавирус белгілері табылмаған.

Көрші елден келген 171 Қазақстан азаматының 12-сі коронавирус тіркелген аймақта болыпты. Біріншіден сол 12 адам дереу оқшауланып, әрқайсысы бөлек-бөлек палатаға жатқызылған. Арнайы коронавирусты анықтайтын тесттің көмегімен анализдері алыныпты. 

Айзат Молдақасымова, қалалық ТҚСҚБ департаментінің басшысы:

- Бәрінің коронавирустық инфекцияға результаттары теріс. Аурулары жоқ. Бәрі таза. Карантиндік жұмыстардың бәрі аэропортта басталған. Борттың өзінде. Ұшып келе жатқанда үш рет термометрия жүргіздік. Келіп қонған кезінде тағы да бір тексеріс өттік. Одан кейін жаңағы экипажда тексерілді 16 адам. Оның да КВИ тестированиесі бәрі теріс болып шықты.

Департамент басшысы жолаушылардың жүктері мен қол сөмкелерінің де мұқият тексерілгенін айтты. 171 адамның ішінде үш отбасы болса, қалғандары студенттер. Солардың бірі түркістандық Ақниет Айдарбек. Ол Сычуань өлкесіндегі Чэнду қаласындағы университетте білім алады екен.

Ақниет Айдарбек, студент:

- Қытайда қазір қатты болып жатыр енді. Ешқайда шығуға болмайды. Кампустың, университеттің аумағынан. Тек мұғалімге айтасың не керек, қажеттілігің болса алып келіп береді. 

Ақниеттің университетке қашан оралары әзірге белгісіз. Ендігі білімді қашықтан аламын дейді.  

Ақниет Айдарбек, студент:

- Белгісіз. Тек почтаға хабарлайды. Сол кезде ғана біз қайтуымызға болады. Ал былай жағдайда біз өз еркімізбен Қытай еліне қайтадан кіре алмаймыз. Бізге мұғалімдер хабарласады. Почтамызға хат келеді. Күнде денсаулықтары мазалайды ма оны да біз оларға айтып отыруымыз керекпіз. Сосын интернет арқылы онлайн сабақ өткізіледі бізде. 

Қытайдың әр өңірінен келген 171 адамды әрбір үш сағат сайын дәрігерлер тексеріп отырған. Олармен психолог мамандар да жұмыс жүргізген. «Карантин 14 күн емес пе» деген сұрағымызға маман былай жауап берді.  

Айзат Молдақасымова, қалалық ТҚСҚБ департаментінің басшысы:  

- Жоқ 14 күн жатпайды. Біріншіден, инкубационный период дейміз 3 күннен 14 күнге дейін. Тексеріліп өткеннен кейін нәтижелері теріс болғаннан кейін бұларды үйлеріне жіберу мүмкіндік бар. Ал ары қарай үйлеріне жеткесін да ары қарай наблюдениеде бола береді. Ал бүгінгі күнде ешқандай катаралдық явлениесі жоқ, температурасы жоқ. Лабораторлық тестированиесі бәрі теріс болғаннан кейін үйлеріне қайта беруге болады. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қытайдан арнайы ұшақпен екі рет Қазақстан азаматтары атамекенге жеткізілген болатын. Коронавирустың өршуіне байланысты қаңтар айының соңынан бастап көрші елмен көлік, темір жол және әуе қатынасы уақытша тоқтатылған.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы