418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Энергетика министрлігінің екі бірдей орынбасарына қатысты сот отырысы жалғасуда

  • 305
  • UPD: 23:04, 17.02.2020

Аса ірі көлемде мемлекет қаржысын талан-таражға салды деп айыпталған Энергетика министрлігінің екі бірдей орынбасарына қатысты сот отырысы да жалғасып жатыр.

Бүгін Щучинск-Бурабай аймағындағы Қарасу көлін тазарту жұмыстарына байланысты мердігер ұйымның басшысы жауап берді. Ол Энергетика министрлігімен арада жасалған келісімнің мән-жайын түсіндіріп, 2016 жылдың мамыр айында жоба құнын қалай арттырғанын айтты.

Айта кетейік, бұрынғы энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков жолды тазалау жұмыстарының құнын әдейі 5 миллиардтан 7,5 миллиард теңгеге арттырды деп айыпталуда.

Хабар 24 телеарнасы