411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қордай ауданының полиция қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылықты тергеу аяқталды – Бас прокуратура

  • 319
  • UPD: 12:30, 18.02.2020
Қордай ауданының полиция қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылықты тергеу аяқталды – Бас прокуратура

2020 жылдың 7 ақпанында Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе аулында жол полициясы қызметкерлерімен патрульдеу кезінде Л.Воингуйдің басқаруындағы «Хонда Одиссей» автокөлігі тоқтатылған. 

Көлікке арналған құжаттары болмағандықтан, Л.Воингуйға полиция бөліміне бару ұсынылған.

Алайда ол офицерлердің талаптарын орындамай, үйіне қарай бет алған және кейіннен ағалары А.Воингуй және М.Воингуймен бірлесіп полиция қызметкерлеріне қарсы зорлық-зомбылық жасаған. 

Осы оқиғаның видеосы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде таратылған болатын.

Аталған факті бойынша Бас прокуратураның арнайы прокурорымен Қылмыстық кодекстің 380-бабының 1-бөлігі (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Үш айыпталушы өз кінәларын толық мойындап, тергеу сотымен қамауға алынды.

Ағымдағы жылдың 14 ақпаны күні қылмыстық іс айыптау актісімен Қордай аудандық сотына жолданды.

Ақпарат көзі: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы