443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қордайдағы оқиға: полициямен қақтығысқандардың ісі сотқа жолданды

  • 219
  • UPD: 12:50, 19.02.2020
Қордайдағы оқиға: полициямен қақтығысқандардың ісі сотқа жолданды

ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев полицияға бағынбағаны үшін Қордай оқиғасынан кейін ұсталғандар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жанжал шығарған адамдар бойынша, яғни полиция қызметкерлеріне бағынбаған үш адам ұсталып, іс сотқа жіберілді. Осы оқиғаларға себеп болған жағдайлардың бірі – ол қарт адамды соққыға жығу. Бұл жағдай бойынша кінәлілер анықталып, қамауға алынды», – деді М.Қожаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Бұдан бөлек, ол арандату күдігіне іліккендер бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын атап өтті. Алдағы уақытта оларға қатысты ақпарат жарияланады. Мұнымен қоса М.Қожаев ұсталған адамдардың санына байланысты нақты мәлімет жарияланатынын жеткізді.

«Таяу арада мәліметтерді аласыздар. Қордай оқиғасына қатысты тергеу жүріп жатыр. Тергеу шараларын ведомствоаралық жедел топ жүргізуде. Өте үлкен жұмыстар атқарылуда, себебі болған жағдай ауқымды екенін атап өткен жөн», – деді Марат Қожаев.

 

Хабар 24 телеарнасы