420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе қардан тазартылып жатыр

  • 337
  • UPD: 18:36, 21.02.2020
Ақтөбе қардан тазартылып жатыр

Ақтөбеде қар шығару жұмыстары қарқын алды. Алдымен көктемде су басуы мүмкін көшелер тазартылып жатыр.

Әсіресе қаланың ескі бөлігі мен 3 бірдей шағын ауданда жұмыс қызу. Қыс мезгіліне белгіленген мердігер компаниялардың жұмысшылары мен 60-қа жуық арнайы техникалар екі ауысымда еңбек етуде. Соңғы үш айда облыс орталығынан 100 мың текше метр қар шығарылған. Айта кетейік, биыл бұл жұмысқа бірқатар кәсіпорыннан қосымша техника жұмылдырылды. Себебі биыл қар жылдағыдан қалың түсті. Ал көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар келесі айда қолға алынбақ. 

Ернар Қалауов, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы: 

- Суға кететін көшелердің бірінші кезекте қарын шығарып жатырмыз. Олар: Москва, ГМЗ, Оторвановка аудандары. Қосымша бір 30 техникадай жалға алынды. Сонымен шығарылып жатыр. Қазгидрометпен біздің келісім-шартымыз бар. Күнделікті алып отырамыз. келесі аптаның басында тағы үш күндік қар тұр. Қыс бұрынымен біткен жоқ. Қар шығару жұмыстары жалғаса береді.

Хабар 24 телеарнасы