425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейбіт жиналыстар туралы заңда акция түрлеріне анықтама берілген

  • 628
  • UPD: 22:20, 21.02.2020
Бейбіт жиналыстар туралы заңда акция түрлеріне анықтама берілген

Қарағандыда да Ұлттық сенім кеңесінің мүшелері қоғам белсенділерімен кездесіп, «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасын талқылады.

Жаңа тұжырымдамада «митинг», «пикет», «жиналыс», «шеру» секілді бейбіт акция түрлеріне нақты құқықтық анықтама берілген. Әрі бұдан былай 250 адам қатысатын шараны өткізу үшін тек билікті хабардар ету жеткілікті. Ал жиналғандар саны одан асып кетсе, жергілікті биліктің келісімі болуы шарт. Сондай-ақ сарапшылардың айтуынша, жаңа заң жобасында журналистердің де құқықтары мен міндеттері белгіленген. Кездесу барысында қарағандылық қоғам белсенділері өз ұсыныстарын жеткізді. Олар жалғыз адамдық пикет өткізу үшін ескертудің қажеті жоқ деп санайды. 

Ахметқали Халенов, «Ұлт тағдыры» қозғалысының Қарағанды облыстық бөлімінің төрағасы:

- Меніңше бұл өте дұрыс қадам деп ойлаймын. Себебі бұл демократияның көрінісі. Былайша айтқанда, халықпен санасуды бастау деп ойлаймын. Митинг өткізу орнын халық өзі белгілегені дұрыс, бірақ халық митингіге қатыса отырып, заң аясында өз іс-шараларын өткізген дұрыс деп ойлаймын. Бұрын хат түсіріп, сұрау болса қазір ескерту арқылы митинг өткізуге болады.

Хабар 24 телеарнасы