413,26 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде судьялардың құзыреті кеңейеді

  • 634
  • UPD: 16:37, 26.02.2020

Тек қолда бар мәліметтерге сүйенбей, қосымша дәлел мен дәйектерді талап етуге құқылы болады.

Бұл туралы бүгін Мәжілісте қаралған соттар жұмысын заманауи форматқа көшіру жөніндегі жаңа заң жобасында айқындалған. Осы күндері Фемида өкілдері азаматтық процесс кезінде тек талап-арыздардың шеңберінде шешім қабылдауға мәжбүр. Мәселен, көлік апаты болған жағдайда оқиғаның анық-қанығына тереңірек үңіле алмайды. Тек дауласқан тараптың арыз-шағымына сүйенеді. Бұдан бөлек, сот төрелігі заманауи технологиялардың көмегімен жүзеге асады. Кей азаматтық процестерді қашықтықтан қарауға да мүмкіндік болады. Ол үшін сот залдары қажетті құрылғылармен жабдықталып, ғаламтормен қамтылуы тиіс.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

– Бүгінгі заң жобасына сот істерін сапалы және ашық жүргізудің жаңа форматы енгізілді. Бұл формат сот жұмысын азаматтық процесті жеңілдетіп, жылдам қарауға серпін беретін болады.

Мейрамбек Таймерденов, ҚР жоғарғы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:

– Істерді электронды жүйеге көшіру арқылы 30 мың азаматтық істі қысқа мерзімде шешуге болады.

Хабар 24 телеарнасы