447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысы аумағында 101 эвакуациялық бекет әзірленді

  • 104
Қызылорда облысы аумағында 101 эвакуациялық бекет әзірленді

Қызылорда өңірі бойынша су алуы мүмкін 56 қауіпті участок белгіленген. Соның бірі облыс орталығынан 20 шақырым жердегі Талсуат елді мекені. Аймақтағы азаматтық қорғаныс құрылымдары су тасқыны, қар көшкіні кезінде шұғыл атқаратын іс-әрекеттерін пысықтау үшін осы ауылға жиналды.

«Көктем-2020» жаттығуына қатысқан 543 маманның өзара байланысына баса мән беріліп, 60 техниканың әлеуеті тексерілді. Төтенше жағдай қызметінің құтқарушыларына көмекке келген әскери бөлім сарбаздары мың шақты қап тасып, бөгетті бекітті. Тактикалық жиын дронмен бақыланып, көшпелі штаб жұмысы туралы тікелей эфирде есеп берілді. Жалпы биыл Сыр өзенінде су көлемі өте аз, келер қауіп жоқ дейді,-мамандар. Дегенмен, облыс көлемінде 89 жинақтау және 101 қабылдау эвакуациялық бекет дайындалды.  

Саид Молдақараев, ТЖД басшысының орынбасары:

- Қазіргі таңда Қызылорда қаласынан өтіп жатқан судың көлемі секундына 95 текше метр. Ол дегеніміз – Сырдарияға өте төмен болып есептеледі. Сырдария бойында барлық қызметтерге күнделікті мониторинг жасалып, бақылауда ұстап отырмыз. Қазіргі таңда қауіп жоқ. Мол су келуі жоспарда жоқ әлі. 

Хабар 24 телеарнасы