445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцинаны сынап жатыр

  • 105
  • UPD: 13:53, 26.02.2020
АҚШ ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцинаны сынап жатыр

Американдық ғалымдар коронавирусқа қарсы дайындаған вакцинаны сынақтан өткізіп жатыр. Дәрі әзірге тек жануарларға ғана егілуде. АҚШ-тың жұқпалы аурулар мен аллергия иститутының мамандары тышқандарға салынған вакцина оң нәтиже көрсеткенін айтады. Ал адамдарға тек бір жарым айдан кейін ғана егіледі екен. Айта кетейік, осы елде тексерістен өткен тағы 18 адамның коронавирусқа шалдыққаны анықталды. Осылайша АҚШ-тағы науқастардың саны 53-ке жетті. 

Алекс Азар, АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрі:

- Жасыратыны жоқ бұл індет екпін алып барады, қазір әлемдегі қауіпті апатқа айнала басатды. Шындыққа тура қарау керек. Біз АҚШ аумағын вирустан толық оқшаулай алмаймыз. 

АҚШ билігі Құрама Штатттарда коронавирустың таралуы мүмкін деп ескерту жасады. Ауруды бақылау және алдын алу орталығы бұл мәселе уақыттың еншісінде екенін айтып, вируспен күресу үшін федералды және аймақтық департаменттегі медициналық қызметкерлер үшін 300 млн бетперде керек екенін хабарлады. Сонымен қатар ауруханаларға қосымша желдеткіштер орнату қажеттігін алға тартты.

Естеріңізге салайық, таяуда ел президенті Дональд Трамп коронавируспен күресу үшін конгрестен 2 жарым млрд доллар қаржы бөлуды сұрады.

Хабар 24 телеарнасы