428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда бейбіт жиындар туралы заң талқыланды

  • 414
  • UPD: 22:12, 27.02.2020

Орал қаласында қоғам өкілдері Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Данияр Есинмен бірге «Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасын талқылады.

Сөз алғандар атап өткендей, осыдан 25 жыл бұрынғы ескі заңда құқықтық реттеу тетігі мәслихаттарда болса, енді еліміз бойынша ортақ ереже қабылданбақ. Тағы бір ерекшелігі, жаңа заң жобасында бейбіт жиындар өткізу үшін өкілетті органдардан рұқсат алмай, ескертсе жеткілікті екендігі көрсетілген. Тек ол жиынға қатысушылардың саны 250-ден аспауы тиіс. Алайда осы митингке қатысушылар санын шектеу мен жиын өткізетін «арнайы орындар» ұғымы қызу талас туғызды. Жобаны ұсынушылар жаңа заңда митинг орнының қаланың шалғай ауданында болмауы мен жиынға рұқсат берілмейтін себептер тізімі нақтыланып, үгіт-насихат институты енгізілгенін атап өтті. Вице-министр барлық ұсыныстар міндетті түрде ескерілетінін жеткізді..

Талғат Рахметов, заң ғылымдарының кандидаты:

- Алдында сол рұқсат сұрап, сол жерлері заңмен басқаша реттеліп жатыр, жақсы реттеліп жатыр деп ойлаймын. Енді азаматтарға құқық беріп жатыр үгіттеу жұмыстарын жүргізуге митинг жиындар өткізсе. Бірақ мен өзім ойлаймын әртүрлі азамат, әртүрлі қоғам ол да өзінің жауапкершілігін білу керек. Бәрі заңды болу керек деп ойлаймыз.

Қадиша Мұқанова, жалпыұлттық социал-демократтар партиясы филиалының жетекшісі:

- Жиын өткізу үшін ескерту жеткілікті екені ол жақсы. Бірақ 250 адам деп санын көрсеткені ол түсініксіз. Себебі  жиынға аз келуі мүмкін, көп келуі мүмкін. Ондай жағдайда қайтеді? Сондықтан жобаны жетілдіру үшін  қазір біз өз ұсынысымызды беріп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы